«Алмалы» — жаңа тұрғын аудан
Мұнда өмір сүргің келеді!

2-777-777
Aport CO Domillion СОСО Magnum Cash&Carry СҮ Мешіт Prime Plaza СОСО Мектеп Балабақша ALMATY ARENA "Арзан" СО

Орналасуы

Жаңа қазіргі заманғы «АЛМАЛЫ» тұрғын ауданы Алматының экологиялық таза, дамып келе жатқан Алатау ауданында Б. Момышұлы көшесінде, Рысқұлов даңғылының солтүстік тұсында орналасқан.

«АЛМАЛЫ» тұрғын ауданының қарсысында Универсиада-2017-нің басты нысаны – 8-ші қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты мен тартысты спорт сайыстары өтетін 12 000 орындық ALMATY ARENA мұз сарайы орын тепкен!

Мұз айдыны, бассейндер, спорт секциялары Сізді және балаларыңызды күтуде!

Бар жақсы жаныңызда!

ALMATY ARENA мұз сарайының жанында – «Алатау» киноконцерт залы тұр. Осынау қазіргі заманғы киноконцерт залының қабырғасында үздік премьералар, тамаша шоу-бағдарламалар, әлемдік эстарада жұлдыздарының концерттері, таңғажайып музыкалық қойылымдар қойылады!

Domillion, «Прайм Плаза», «Апорт» секілді ең үздік сауда-ойын-сауық орталықтарының жақын орналасуы сіздерге қызықты демалыс пен ұтымды сауда-саттық жасау мүмкіндігін сыйлайды. Magnum Сash&Сarry гипермаркетінен Сіз кез-келген уақытта азық-түліктің барлық түрін Алматыдағы ең арзан бағамен таба аласыз.

«АЛМАЛЫға» жақын маңда Алматыдағы ең ірі 7000 адамдық мешіт салынып жатыр. Онда әйелдерге арналған бөлек зал болады. Мешіт кешенінен рухани мектеп ашылады.

Б.Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы, Рысқұлов даңғылдарының көпжолақты жолдарын біріктіретін ыңғайлы жаңа жолайырығының арқасында «АЛМАЛЫ» тұрғындары қаланың кез-келген тұсына тез әрі оңай жете алады.

«АЛМАЛЫ» - қазіргі заманғы отбасы өмірі образына бағытталған инфрақұрылымы дамыған аудан!
Printing error
Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 07.06.2017 жылғы №2, 3 рұқсатнама. Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 21.06.2017 жылғы №5 рұқсатнама. Құрылыс салушы: «БАЗИС-А» Корпорациясы» ЖШС. Өкілетті компания: «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС